RU
"Қытайлық резеңке жұмыртқаның" құпиясы ашылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Қытайлық резеңке жұмыртқаның" құпиясы ашылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ыстықкөл құс фабрикасында "резеңке" жұмыртқаларының қалай пайда болғанын көрсетті деп хабарлайды Sputnik Кырғызстан.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Қытайдан жеткізілген "резеңке жұмыртқалар" түсірілген бейнежазба таралып кетті. Көбіне видеоны ШҚО тұрғындары салған. Осыдан кейін санитарлық дәрігерлер барлық дүкендер мен көтерме дүкендерді тексеріп шықты.

Алайда, артынша бұл видеоның Ош қаласында түсірілгені, ал жұмыртқалардың Ыстықкөлден әкелінгені белгілі болды.

Құс фабрикасының директоры Сталбек Мамбеталиев "резеңке жұмыртқаларда" таң қаларлық ештеңе жоқ екенін алға тартты.

"Қатты суықта қалған жұмыртқалар дайындалған соң осындай жұмсақ болады. Жалған тауық жұмыртқаларын жасап шығару мүмкін емес", -деді ол.

Кәсіпорын басшысы алдында суытқыш камераларында жатқан жұмыртқаларды қайнатып, бейнежазба түсірген автордың істерін қайталады.

Сіздің реакцияңыз
7
10
2
0
1
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel