RU
Бостандыққа шыққан Әлімбекова өзін "тойға барды" деп сөккен адамға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бостандыққа шыққан Әлімбекова өзін "тойға барды" деп сөккен адамға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Таяуда істі болып, кейін бостандыққа шыққан Гауһар Әлімбекова әріптесі Ақбота Керімбекованың қуанышын бөлісемін де тағы сынға қалған. Бұл туралы әнші өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото : carmen.kz

Фото : carmen.kz

"Міне, өмір деген ақ пен қарадан тұратыны секілді, жүрегім езіліп, көзімнің ащы жасы басылмай, жаным жабырқап, осы жағдайдан соң біраз есеңгіреп қалған едім… Бірақ, жығылғанға жұдырық болып, сансыратып кек алсам деп, содан ләззат алатын Б әпке біріншіден Алла, екіншіден, xалықтың дұғасы мен маxаббатының арқасында тар қапастан босатқандағы қуанышымызды су сепкендей басты. "Неге ерте шықты?" деп арызданғанда, мұндай сезімге ерік беріп, басқаның қуанышын, ырыс-бағын көтере алмайтын адамға не айтуға болатынын білмей, үндемей қоя салған едім…
Кейінгі мәселе: менің басыма осындай қиын жағдай түскенде, қолдауларын білдіріп, жанымнан табылған Ақботаның қуанышына ортақтасып, xалықтың алдына шығып, барғаным үшін де кінәлі болып, "тойға барды" деп, тағы да арызданғаны ақылға сыймайды. Бұл өмір не болып бара жатыр?! Мен шынымен де, бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?! Менің де халықпен сағынысып, қауышуға хақым бар шығар?!… Қалай десек те, халық – көреген. Халық – дана. Халық ақ пен қараны жақсы ажырата біледі. Бұл жағынан қателеспейді", - дейді әнші.

Еске сала кетейік, жақында Ақбота Керімбекова тұңғышын үйлендеріп, той жасады. Әншінің қуанышында көптеген шоу-бизнес жұлдыздары бой көрсетті. Олардың арасында Гаухар Әлімбекова да болды. Дүбірлі тойдың қонақтары сүйікті әншісін ерекше ықыласпен қарсы алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
17
6
0
9
5
24
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel