RU
Шымкентте автобуста зейнеткер қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте автобуста зейнеткер қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте қоғамдық көлікте көз жұмған әйелдің туыстары іздестіріліп жатыр. Зейнеткер кенеттен өзін жайсыз сезініп, дәл автобустың ішінде есін жоғалтқан деп хабарлайды elitar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: PxHere

Иллюстрациялық фото: PxHere

8 минуттың ішінде зейнеткерге көмекке келген жедел жәрдем көлігінің дәрігерлері әйелдің өлімін тіркеген.

Қарт әйелдің жанында ешкім болмаған. Тіпті өзімен бірге оның аты-жөнін растайтын құжат, ұялы телефоны да табылмапты.

Автоуста қаза болған әйелдің денесі полицейлерге берілді.

"Әзірге ешкім туысының жоғалып кеткенін айтып, хабарласпады. Қазіргі таңда өлімнің себебі анықталып жатыр. Сонымен қатар біз марқұмның туыстары мен жақындарын іздестіріп жатырмыз", - деп хабардар етті полициядан.

Әйелдің жасы шамамен 74-75 жаста.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel