RU
Астана қаласы әкімінің орынбасары халыққа жеке нөмірін берді
Жаңалықтар Қоғам

Астана қаласы әкімінің орынбасары халыққа жеке нөмірін берді

Рассказать Вконтакте

Астана қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек халыққа өзінің жеке ұялы телефон нөмірін берді. Енді кез келген тұрғын шенеунікке өзінің шағымдары мен ұсыныстарын айта алады деп хабарлайды NUR.KZ.

Арман Тұрлыбек. Фото: facebook

Арман Тұрлыбек. Фото: facebook

Арман Тұрлыбек жеке ұялы телефонын нөмірін Facebook парақашсында жария етті.

"Құрметті тұрғындар, достар! Менің телефонымның нөмірі бұрынғыдай қалды және сіздерден кері байланыс күтемін. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорданың әрбір тұрғынының өтінішін тыңдау туралы нақты міндет қойды.
Сондықтан энергетика, жылумен қамту, сумен қамту, санитарлық тазалау, автомобиль жолдары, жарықтандыру, көгалдандыру қызметіне және Астана қаласының коммуналдық шаруашылық қызметіне қатысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, WhatsApp-қа жазыңыздар. Телефон кітапшаларында менің нөмірім жоқ тұрғындар үшін қайтадан жариялаймын +77019110600", - деп жазады Бақыт Сұлтановтың орынбасары.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel