RU
Атыраулық полицейлер көпірден секірмек болған жігітті өлімнен арашалап қалды
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық полицейлер көпірден секірмек болған жігітті өлімнен арашалап қалды

Рассказать Вконтакте

21 ақпанда Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған жігіттің өзіне қол жұмсауына жол бермеді. Сол күні 102 пультінде кезекші болған полиция старшинасы Аймекен Аманова келіссөз жүргізу шеберлігін көрсетіп, әріптестерімен тұрғынды құтқарып қалған деп хабарлайды Ақжайық.

Аймекеннің сөзінше, шамамен сағат 13.59-да масаң дауыспен көпірден секіріп, өз-өзіне қол салатынын хабарлаған жігіттен қоңырау түскенін айтады.

"Бастапқыда қатты абдырап қалдым, өйткені 10 жыл полицияда жұмыс істеген кезде мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отырмын. Бірақ дереу өзімді қолға алдым. Әуелі патрульдерге оның координаттарын беру үшін оның қай көпірде екенін сұрадым. Содан соң оны алаңдатып, уақыт созу үшін сөйлесе бастадым. Неге өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын сұрадым, ол өмір сүруден шаршағанын айтып, өз өліміне ешкімді кінәламауды өтінді. Балаларың бар ма деп сұрадым, үйленгенін, бірақ балалары жоқ екенін айтты. Тағы да сөйлестік, бастысы – біздің жігіттер үлгеру үшін уақыт созу керек болды", - дейді Аймекен Аманова.

Оқиға орнына лезде жеткен жол полициясының патрульдері Эльдар Құсайынов пен Самат Меңдіғалиев көпірдің жаяу жүргінші жағында тұрған жігітті таяныштан жұлқып шығарып алған.

"Жұлқынып, төменге секіріп кетпес үшін бәрін тез жасау керек болды, әйтпесе қате біздің ар-ұжданымызда қалар еді, Бірақ бәрі де ойдағыдай болды", - дейді Эльдар Құсайынов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel