RU
"Жаман анамын": Айжан Нұрмағамбетова ұлымен арақатынасы жайлы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жаман анамын": Айжан Нұрмағамбетова ұлымен арақатынасы жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Айжан Нұрмағамбетова ұлымен арадағы қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты. Анықталғандай, баласы мен анасы арасындағы жағдай айтарлықтай жақсы емес болып шықты деп жазады "Hit TV" арнасындағы "Headliner" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эстрада әншісі тіпті ұлының өзіне "жаман анасың" деп бетіне басып айтатынын жасырмады.

"Баламның сөзінше, мен жаман анамын. Оған қоса, мүлде нашар әжемін. Менің сіңлім ол үшін мені алмастырды. Мен оған үнемі екінші анасысың дейтінмін. Алайда, шындығына келгенде, шамасы ол нөмірі бірінші ана болды" , - деді Айжан Нұрмағамбетова.

Отандық жұлдыз үнемі гастрольдік сапарларда жүремін деп, ұлының тәрбиесіне көп уақыт бөле алмағанына мойындады. Кішкентай Диас үшін Нұрмағамбетованың сіңлісі екінші ана болған. Ол тәтесінің қолында өсіп, тәрбие алған.

Естеріңізге сала кетейік, Айжан Нұрмағамбетованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
13
2
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel