RU
"Кетуді армандады": Меломендік әнші Жігер Ауыпбаевқа қатысты сөз қозғады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Кетуді армандады": Меломендік әнші Жігер Ауыпбаевқа қатысты сөз қозғады

Рассказать Вконтакте

"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазретов өзімен бір ұжымда өнер көрсеткен Жігер Ауыпбаевқа қатысты ойын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы әріптесінің топтан кетуіне шын мәнінде не түрткі болғанын жеткізді деп жазады "HIT TV" арнасындағы "Headliner" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ролан Қазретов өзімен бір топта ән салған досының мұндай шешім қабылдауының себеп-салдарын зерттеп, өздігінен арнайы сараптама жүргізген.

"Топтағы бір мүшенің кетуі, бір қанатыңнан айырылғанмен тең. Бірігіп жасаған арман-мақсаттар бар. Бірақ төртеу болғанда былай едіңдер, үшеу болғанда былай деген сөздер бізге бәрібір әсерін тигізеді. Бірақ, шамамыз келгенше оны қабылдамауға тырысып келеміз.
Жігер кеткен кезде де, себебін мен аса түсіне алмадым. Әлі күнге дейін түсіне алмай келе жатырмын. Бірақ өзім іштей ойлап таптым. Кетуге себеп болған жолдарына мен анализ жасап шықтым. Көптен бері сол кетуді армандап жүргендей болып көрінді маған", - деді Қазретов.

Естеріңізге сала кетейік, "Меломен" тобы мен Жігер Ауыпбаевтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel