RU
Астанада 820 млн теңгеге бағаланған пәтер көпті таңырқатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 820 млн теңгеге бағаланған пәтер көпті таңырқатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада 820 миллион теңге немесе 2 миллион долларға бағаланған ең қымбат пәтер көрсетілді. Бұл баға елордалықтар үшін өте қымбат болып есептелгендіктен, таңдаулы тұрғын үйді сату біршама уақытты алады деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

видеодан кадр

видеодан кадр

Пәтерде сирек кездесетін жиһаздармен жабдықталған 7 бөлме бар.

Пәтер иесі тұрғын үйді сатып алушыға барлық жиһаздарын тастап кетуге дайын екенін жеткізген.

Астанада көптеген таңдаулы тұрғын үйлер бос тұр.

Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын елордаға 50 мың адам келеді.

Өткен жылы тұрғын үй аумағы 2 миллион шаршы метрге ұлғайған.

"Астанагорархитектура" ЖШС урбанистикалық орталығының жетекшісі Асхат Садуов қымбат аумақтарды инвесторлар сатып алатынын айта кетті.

Сарапшы тұрғындардың пәтерді қысқа уақытта құрылысы бітетін сенімді фирмалардан сатып алуды дұрыс көретінін алға тартты.

Сату бөлімінің жетекшісі Рысалды Нұғыманованың айтуынша, тұрғын үйді таныстыру рәсімі өткеннен кейін сол айдың ішінде пәтерлердің 80 пайызы өз қожайындарын табады екен.

Комфорт-санаттағы тұрғын үйге тұрғындардың қоныстануы екі-үш айға созылса, одан қымбатырақ бизнес немесе премиум санаттағы тұрғын үйлерге 4 айдың көлемінде сатып алушылар көшіп келеді екен.

"Ең қымбат "ремонт" - италиялық жиһаз", - деді маман.

Таңдаулы пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жасағанда, үй қожайындары сапалы құрылыс материалдарын шетелден тапсырыспен алдырады.

Тұрғын үйді сату бөлімінің кеңесшісі Руслан Унгефугтың сөзінше, таңдаулы пәтерлер үй иесінің басқа жерге көшуіне байланысты бос қалып жатады.

Маман олар қымбат жиһазбен жабдықталған пәтерді жалға бергісі келмейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
10
14
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel