RU
Әлемдегі ең қымбат қақпашы алаңнан кеткісі келмей, шу шығарды (видео)
Жаңалықтар Спорт

Әлемдегі ең қымбат қақпашы алаңнан кеткісі келмей, шу шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Челси" футбол клубының қақпашысы Кепа Аррисабалага бас бапкері оны алмастырмақ болғанда алаңнан кеткісі келмей, шу шығарды. Ойыншысының өзін тыңдамағаны Маурицио Сарриді қатты ашуландырса керек, маман алаңнан өзі кетіп қалды деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

"Челси" мен "Манчестер сити" арасындағы кездесу нағыз жанжалмен аяқталды.

Қосымша уақыт кезінде лондондық клубтың бас бапкері жарақат алып қалған қақпашысын ауыстыруға ниеттенген. Алайда Кепа Аррисабалага өзінің алаңнан кетер ойы жоқ екенін айтып, шу шығарды.

Өз командасындағы футболшының сөзін елемегеніне ашуланған бапкер алаңнан айқаймен өзі кетіп қалды. Алайда артынан Сарри алаңға қайта оралды.

Қосымша уақыт аяқталған соң, ашуға булыққан бапкерді қорғаушы Антонио Рюдигер сабырға шақырмақ болды.

Италиялық маман қақпашының жанына барып сөйлеспек болғанда, оны Рюдигер жібермей қойды.

Ойын "Манчестер Ситидің" жеңісімен аяқталды. Кепа бір соққыны еңсере алды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel