RU

Қарағанды облысының бас полицейі қызметінен кетті

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Мергенбай Жаппаров ішкі істер министрлігінің бұйрығымен кадр резерві ретінде қызметінен кетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Мергенбай Жаппаров. Фото: mediaovd.kz
Мергенбай Жаппаров. Фото: mediaovd.kz: Getty Images

Полиция генерал-майоры ішкі істер саласында сатылас және деңгейлес қызмет лауазымы босамағанша кадр резервінде болады.

Айта кетейік, 59 жастағы Мергенбай Жаппаров 2013 жылдан бері алты жыл бойы Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780391-karagandy-oblysyny-bas-policeji-kyzmetinen-ketti.html