RU
"Таза наймандар": Ақбота Керімбекова жаңа құдалары жайлы айтып берді

"Таза наймандар": Ақбота Керімбекова жаңа құдалары жайлы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана келін түсіріп, дүркіретіп той жасаған Ақбота Керімбекова қай өңірмен құда болғанын жасырмай айтып берді деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншінің ұлы Біржан да, келіні Әйгерім де 19 жаста.

"Алғашқы қуанышым болғандықтан, шынымен қобалжып жатырмын. Балаларымыз "Үйленеміз" деп ниет білдіргесін, той жасадық.

Мұның барлығы асып-тасығаннан емес. "Біздің көрмеген бақытымызды осылар көрсе екен. Осылар өсіп-өнсе екен деген тілегім" бар.

400 қонақ шақырсам, 500 адам келіп жатыр. Ол да болса, ниетіме байланысты шығар. Балалар аяқ астынан "Мама үйленем" деді. Екеуі де 19-да. Биыл 20 жасқа толады. Ал құдаларым Шығыс Қазақстан, Мақаншыныкі. Таза наймандар", - деді Ақбота Керімбекова.

Айта кетейік, әншінің келіні Алматы қаласында туып өскен. Асфендияров атындағы университеттің 2 курс студенті.

Ал әншінің отау құрған ұлы Біржан жеке бизнеспен, жеке оқу орталықтарын ашумен айналысады.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
2
3
35
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel