Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз депутатының әйелі мен қызы газдан уланып қайтыс болды

Опубликовано:

Өткен аптада Қырғызстанның Талас облысында жергілікті депутаттың жұбайы мен қызы газдан уланып қайтыс болды. Turmush басылымының жазуынша, қайғылы жағдай Талас ауданының Кара-Суу ауылында орын алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ren.tv
Көрнекі фото: ren.tv: Facebook

Оқиға салдарынан 1982 жылы туған азаматша және оның 2004 жылы туған қызы қаза тапты.

2006 жылы туған баласы мен 2013 жылғы қызы Талас облысының ауруханасына жатқызылған.

Ауылдастарының айтуынша, сол күні үй отағасы үлкен баласын медициналық тексерістен өткізу үшін Бішкекке алып кетіпті.

Үйде оның жұбайы мен үш баласы қалған. Олар үйді жылыту үшін, электржылытқыш жұмыс істемеген соң, от жаққан.

Анасы мен балалары ұйқыға кеткенде үйдің ішін газдың иісі алып кетіпті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық басқармасының хабарлауынша, электр мамандары электржылытқышты 19 ақпанда өшіріп кеткен. Үй электр қуатымен жылытылған.

Осыған байланысты пештің мұржасы бітеліп қалыпты. Әйел пешті дұрыс жаға алмағандықтан, бөлменің ортасына шара мен шелек қойып, сонда тезек жаққан. Ол жанғаннан кейін, бетін шелекпен тұмшалап, ұйқыға кетіпті.

Қара-Суу ауылы үкіметінің хабарлауынша, осы үйдің отағасы жергілікті кенеш депутаты болып табылады. Жұбайы екеуі төрт баланың ата-анасы. Олардың үлкен үйінде өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған екен.

Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ұлының беті бері қараған. Ал қызының температурасы көтеріліп, есін жинай алмағандықтан, 25 ақпан күні таңертең Бішкек қаласының ауруханасына жеткізіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1780402-kyrgyz-deputatyny-jeli-men-kyzy-gazdan-ulanyp-kajtys-boldy/

pixel