RU
Өзбекстандық мұғалім мектеп оқушысын таяқпен ұрып, қолын сындырды

Өзбекстандық мұғалім мектеп оқушысын таяқпен ұрып, қолын сындырды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Сурхандарьинская облысына қарасты Денау ауданындағы №74 мектептің ұстазы оқушысына қол көтерген. География мұғалімі бесінші сыныпта оқитын баланы таяқпен ұрып тастапты. Зардап шеккен жасөспірімнің анасы жергілікті билік істі жаптыртып тастамақ ойда екенін жайып салды деп жазады centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ca-news.org

Фото: ca-news.org

Оқиға 18 ақпан күні орын алған. Мектеп директоры баланы таяқпен соғып, оның қолын сындырған ұстаздың 19 ақпан күні өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады.

Қазіргі таңда, аудандық прокуратура оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зардап шеккен баланың анасы 18 ақпан күні перзентін әдеттегідей оқуға аттандырғанын айтты.

"Артынан балам маған жұмысқа жылап келіп, өзін мұғалім таяқпен соққанын жеткізді" , - деді ол.

Максуда Ниязованың айтуынша, тунде ұлының қолы қоймай ауыра берген. Ертесіне олар дәрігерге жүгінген.

"Біз баланы тарвмотологқа апарып, рентген жасаттық. Оның қолы сынғаны анықталды. Медицина қызметкерлері оған гипс салды. Артынан дәрігер полицияға хабарлады" , - деді әйел адам.

Мектеп директоры ата-аналар бұған дейін де география пәнінің мұғаліміне шағымданғанын айтты.

Бүгінде ұстаздың өз мансабын жалғастыру құқығы тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болмақ.

Оқушының анасы мұғалімді жауапкершілікке тарту мақсатында аудандық прокуратураға арыз жазды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel