RU

Назарбаев премьер-министр қызметіне Асқар Маминді ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді үкімет басшысына кандидат ретінде ұсынды деп хабарлайды Ақорданың ресми хабарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев премьер-министр қызметіне Асқар Маминді ұсынды
Асқар Мамин. Фото: primeminister.kz: UGC
"Мемлекет басшысы Парламент мәжілісіне Асқар Маминнің кандидатурасын премьер-министр қызметіне қарастыру туралы ұсыныс берді" , - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Асқар Мамин 21 ақпан күні үкімет отставкаға кеткен соң премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780419-nazarbaev-premer-ministr-kyzmetine-askar-mamindi-syndy.html