RU
Ақбота Керімбекованың ұлы келіншегі туралы бар шындықты айтты

Ақбота Керімбекованың ұлы келіншегі туралы бар шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана шаңырақ көтерген Ақбота Керімбекованың ұлы жұбайы туралы көпшілік білмейтін деректермен бөлісті. Біржан екі жыл кездескен сүйіктісі жайында "Айта берсін" бағдарламасына сыр шертті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін

Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін

"Есімі - Айгерім. Менімен жасты. Көбісі қай жылғы, үлкен көрінеді деп сұрайды. Ең басында үйге әкелгенде әжеме ұнады.

Кездесіп, жүргенімізге екі жылдан асып кетті. Өмірлік серігім болады деп ойлаймын. Ол да оңай емес.

Қазір білім орталықтарын, PlayStation клуб аштық. Өз мамандығым бойынша шағын бизнеспен айналысып жатырмын", - дейді Біржан.

Әншінің ұлы сүйіктісімен Қытайдағы оқуын аяқтар кезде танысқан.

Ал Біржанның жүрегін жаулаған Айгерім Алматы қаласының тумасы. Ол Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алады.

"Біз басында кездесіп жүргенде бір-бірімізді ұнаттық, ары қарай арамыз дұрыс бола ма дегендей сөйлесіп жүрдік. Сол аралықта бір-бірімізді ұнаттық. Жақсы қасиеттеріміз де, ойымыз да бір жерден шығатын болды", - дейді Айгерім.

Жас жұбайлар ата-аналарын шамамен бес ай бұрын ғана таныстырыпты.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
6
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel