Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин туралы не білеміз

Опубликовано:

Күні бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді үкімет басшысына кандидат ретінде ұсынды. Депутаттар Елбасының бұл ұсынысын бірауыздан қолдаған. Жаңадан тағайындалған премьер-министр жайлы тың ақпаратты NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Асқар Мамин туралы не білеміз
Асқар Мамин: Twitter

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазан күні Целлиноград қаласында дүниеге келді.

1987 жылы ол Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.

2003 жылы Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы монтаждаушы ретінде бастап, кейіннен «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып орналасты.

1988-1991 жылдар аралығында Целиноградтық облыстық атқарушы комитетінің ІІБ-да әскери борышын өтеді.

1991-1993 жылдарда Қазақстанның инновациялық мекемелері кеңесінің директор орынбасары болды.

1993 мен 1996 жылдар аралығында "Интер-Ишим" мекемесінің бас директоры қызметіне келді.

1996 жылы Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1998 жылы Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары болды.

2000-2002 жылдарда көлік және коммуникация вице-министрі лауазымында болды.

2000 жылы автомобильді жолдар комитетінің басшылығына келді.

2002 жылы "Инком-Астана" ЖШС бас директоры болып тағайындалды.

2003-2004 жылдар аралығында индустрия және сауда бірінші вице-министрі болды.

2005 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалған.

2006 ж. қыркүйек айынан бастап Астана қаласының әкімі қызметіне келді.

2008 ж. сәуір айынан „Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті болып тағайындалды.

2016 ж. қыркүйек айынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Асқар Мамин түрлі мемлекеттік марапаттарға ие. Ол техникалық ғылым кандитаты болып табылады. Отбасылы, екі баласы бар. Қазіргі таңда жасы 53-те.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780435-askar-mamin-turaly-ne-bilemiz/

pixel