RU
Депутат: Бүгін мәжіліс тоғыз министрдің кандидатурасын қарастырады

Депутат: Бүгін мәжіліс тоғыз министрдің кандидатурасын қарастырады

Рассказать Вконтакте

Депутат Александр Суслов парламент мәжілісінің жалпы отырысынан кейін мәжіліс комитеті министрлер кандидатурасын бүгін, 25 ақпан күні қарастыратынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: khcsm.org.ua

Көрнекі фото: khcsm.org.ua

Журналистердің сұрақтарына жауап берген депутат үкімет мүшелерін тағайындау бүгін жүзеге асатынын айтты.

"Бүгін комитеттер өз министрлерін қарастыратын болады. Меніңше, 9 (16-дан) министр. Қазірше ештеңе айта алмаймын", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Елбасы мәжіліс қарауына премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынған. Депутаттар бұл кандидатураны бірауыздан қолдаған.

"ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңның 3-бабына сәйкес үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды президентке премьер-министр тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде енгізеді.

Маминнің министрлер кабинеті Бақытжан Сағынтаевтың кабинетін ауыстырады. Елбасы 21 ақпан күні үкіметтің отставкаға кетуі тиіс екенін айтты. Сол күні мелмекет басшысы Қазақстан үкіметін отставкаға жіберу туралы құжатқа қол қойды.

Мемлеке басшысының шешімімен сол күні премьер-министрдің міндетін атқарушы болып Асқар Мамин Ұзақбайұлы бекітілді.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel