RU

Назарбаев Мамин жайлы: Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз

Қазақстан президенті парламент мәжілісі Бюросының отырысына қатысты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын одан әрі тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын талқылауға ұсынды.

"Бұрынғы үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты, сіздерге жаңа премьер-министр Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала әкімі, көлік министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, әсіресе инфрақұрылымды дамыту саласында көп жұмыс атқарылды", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді атсалысқанын айтты.

"Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек", – деді мемлекет басшысы.

Жиын барысында парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитеттер төрағалары Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780450-nazarbaev-mamin-zajly-sirek-gasyrdan-beri-birge-zmys-istep-kelemiz.html