RU
Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Данияр Ақышев. Фото:kp.kz

Данияр Ақышев. Фото:kp.kz

Бұл туралы бүгін парламент пенатының жалпы отырысында Президент Әкімшілігінің жетекішісі Әсет Исекешев мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен сіздерге Ұлттық банк төрағасының кандидатурасын ұсыну үшін келдім. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Аскарбекұлы Досаевтың ұлттық банк төрағасының лауазымына кандидатурасын ұсынды", - деді ол.

Сондай-ақ Исекешов өз уақытында Ерболат Досаевтың өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете алғанын да еске салды.

"ҚР Конституциясының 55 бабына сәйкес сенатқа Ерболат Аскарбекұлы Досаевты ұлттық банк төрағасы етіп тағайындау туралы келісім беруді сұраймын", - деді Президент Әкімшілігінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Дания Ақышев Ұлттық банк төрағасы қызметіне 2015 жылдың қарашасында тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel