RU
"Санымды ұстады": Төреғалидің фильміндегі актриса кімнің "ашынасы" екенін білесіз бе?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Санымды ұстады": Төреғалидің фильміндегі актриса кімнің "ашынасы" екенін білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлінің фильмінде басты рөлді сомдаған Мадина Оспанова бүгінде елуді еңсерген актердің "көңілдесіне" айналған. Жиырмадан енді асқан актриса мұндай қадамға не үшін барғанын "Ревю" бағдарламасына айтып берген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Ревю

Фото: Видеодан кадр/ Ревю

"Ұлы дала комедиясы"картинасының түсірілімі аяқталған соң Оспанова бірден келесі фильмге шақырту алған. Жаңа жобада актрисаға Ғани Құлжановтың көңілдесін сомдауға тура келіпті.

Өз актерлік қабілетімен баршаны тамсандырып жүрген Оспанова бала кезінен үлгі тұтқан актердің ашынасы кейпіне ену оңайға соқпағанын айтады.

"Санын ұстайтын жерлерде, құшақтасатын жерлерде қатты қысылдым. Бірақ актриса болғаннан кейін, білдіртпеуге де тырыстым. Ғани аға да: "Ботам, ұялмашы менен. Бұл образ! Давай, целуй меня" - деп, бірден образға кіріп кетеді", - дейді ол.

Детективті фильмде Ғани Құлжанов, Азат Сейітметов, Дархан Дайырбек және Венера Нығматуллина сынды актерлар бой көрсеткен.

"Жанрдың өзі айтып тұр, детектив. Қазіргі қаптаған комедиялардың ортасында бұл өзіндік жанр болады деп ойлаймын", - дейді Құлжанов.

Түсірілім тобы тың жанрдағы туындының көрермен көңіліне қонымды боларына сенімді.

Сіздің реакцияңыз
29
2
2
3
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel