RU
Мәжіліс Роман Склярды Индустрия министрі лауазымына тағайындауға келісім берді

Мәжіліс Роман Склярды Индустрия министрі лауазымына тағайындауға келісім берді

Рассказать Вконтакте

Парламент мәжілісінің депутаттары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына Роман Склярдың кандидатурасын мақұлдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Роман Скляр. Фото: time.kz

Роман Скляр. Фото: time.kz

Парламенттің төменгі палатасы баспасөз хабарламасына сәйкес, бұл мәселе комитет отырысында "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес қаралған.

Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

Мәжіліс комитетінің мүшелері Склярға бірқатар сұрақтар қойды. Талқылаудан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына Роман Скляр кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы қорытынды қабылданды.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар айында ол Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болған. Әр уақытта Скляр Ұлттық экономика вице-министрі, ҚТЖ вице-президенті, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel