RU

Бірінші вице-премьерлікке Әлихан Смайыловтың кандидатурасы мақұлданды

Мәжіліс премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады деп хабарлайды Парламент сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Twitter

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті отырысында Әлихан Смайыловтың премьер-министрдің бірінші орынбасары- Қаржы министрі лауазымына ұсынылған кандидатурасы мақұлданды.

Бұл мәселе комитет отырысында Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

Ол мәжіліс қатысушыларына Смайыловтың қаржы саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін және оның қажетті басқару құзыреттеріне ие екенін алға тартты.

Мәжіліс комитетінің мүшелері Әлихан Смайыловқа бірқатар сұрақтар қойып, талқылаудан кейін тиісті қорытынды қабылдады.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының премьер-министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасы премьер - министрінің бірінші орынбасары- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау туралы ұсыну мүмкін деп есептейді", - делінген құжатта.

Депутаттар кандидаттың алдағы уақыттағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780492-birinsi-vice-premerlikke-lihan-smajylovty-kandidaturasy-makldandy.html