RU

Мәжіліс Маминнің орынбасары қызметіне Жеңіс Қасымбекті мақұлдады

Бүгін мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті отырысында премьер-министрдің орынбасары қызметіне Жеңіс Қасымбекті мақұлдағаны белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: UGC

Аталған мәселе "Қазақстан Республикасы Парламенті және депутаттары мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 22 бабына сәйкес қарастырылған.

Премьер-министрдің тапсырмасымен аталған қызметке үміткерді премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов таныстырған.

Мәжіліс комитеті мүшелері Жеңіс Қасымбекке бірқатар сауалдарды қойып, кейін осындай шешімге келген. Құжатта "Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекті Қазақстан Республикасы премьер-министрі орынбасары қызметіне тағайындауға лайық" деп көрсетілген.

Сөз соңында депутаттар Жеңіс Қасымбекке алдағы уақытта қызметіне сәттілік тіледі.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1780498-mzilis-maminni-orynbasary-kyzmetine-zeis-kasymbekti-makldady.html