Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде оқитын қазақстандық студент жатақханада асылып өлген

Опубликовано:

ММУ химия факультетінің 5 курсында білім алып жатқан қазақстандық сутдент университет жатақханасындағы өз бөлмесінде асылып қалды деп хабарлайды Mash Telegram арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәскеуде оқитын қазақстандық студент жатақханада асылып өлген
Фото: Mash телеграм арнасы: Depositphotos

Суық хабарда 23 жастағы Темірланның бөлмеге кіре салысымен есіктің тұтқасына галстук байлап, өзіне қол салғаны айтылған. Оқиға орнына келген дәрігерлер студенттің өмірін құтқара алмапты.

Mash жазуынша, марқұм болған жігіт Мәскеуге білім алу үшін Қазақстаннан келген, оны академиялық орта жақсы таныпты. Ол бірнеше пәндік олимпиадаларда топ жарып, тіпті 2014 жылғы халықаралық Менделеев Олимпиадасында жүлде алған.

Басылым Темірланды химия данышпаны деп атапты. Ол студенттерге әрдайым көмек көрсетеді екен. Сондай-ақ, студенттік форумдарда аса танымал болған қазақстандық жігіт YouTubeжелісінде түрлі химиялық тәжрибелерді көрсететін жеке блогын жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1780566-mskeude-okityn-kazakstandyk-student-zatakhanada-asylyp-lgen/

pixel