Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбысы үйіне "квартирант" болып барып, күйеуін тартып алған әйел мұңын шақты

Опубликовано:

Семейде құрбысының үйіне "квартирант" болып барған ару, оның күйеуімен ойнас құрып, ашынасы болған. Сорақысы сол, жас келіншек бұл сұмдықты тек біраз уақыттан кейін білген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: муж.рф сайтынан алынды
Көрнекі фото: муж.рф сайтынан алынды: Depositphotos

Семейлік Жанар есімді келіншек Астанаға осыдан екі жыл бұрын қоныс аударған. Жергілікті сән салондарының бірінде бет әрлеуші болып қызмет ететін ол, бала кезден бірген өскен құрбысының күйеуін қалай тартып алғанын айтып берді.

"Жолдасыммен Семейдегі дәмханалардың бірінде таныстық. Ол кезде жаспыз, қорқу дегенді білмейміз, топтағы қыздардың туған күні бола қалса, дәмханаға барып атап өтетінбіз. Осындай отырыстардың бірінде күйеуіммен танысып, бір жылдай жүріп, үйлендік. Ол ауқатты отбасының баласы болатын, бірден үй алып, екі баламды дүниеге әкеп, тату-тәтті өмір сүріп жатқанбыз.

Бәрі сол мектепте бірге оқыған құрбым Дананың үйге "квартирант" болып келуінен басталды. Ол ауылда шағын дүкені бар, саудагер болатын.

Кейін ауылдағылардың бәрі қалаға көшіп, саудасы бұрынғыдай жүрмей, қалаға жұмыс іздеп келген. Мен жаным ашып, "біздің үйде тұра бер, төрт бөлмелі пәтер, бәріміз сыямыз" деп квартирант қылып алғанмын. Бірақ сол шешімді қабылдағаннан кейін бұлай опық жеп қалатынымды кім білген? Құрбы дегенім, дұшпан болып шықты. Күйеуімнің басын айналдырып, ақыры өз үйімнен өзім безініп кетуге мәжбүр болдым.
Өкініштісі мен олардың мұндай опасыздығын тек жарты жылдан соң ғана білдім. Бұрынғы күйеуімнің телефонын ақтарып, Данадан келген хабарламаларды оқып алдым. Менен қызғанатынын, тезірек ажырасыңдар деп жазған. Кинодағы оқиға деп сенбессіздер, бірақ өмір болған соң бәрі болады екен", - деп көзіне жа салды келіншек.

Отағасының көзіне шөп салғанын білген келіншек онымен бірден ажырасып кеткен.

"Мамандығым мұғалім болса да, ешқашан өз мамандығым бойынша жұмыс істеп көрмеппін. Содан екі баламды алып, әке-шешімнің үйіне қайтып бардым. Ата-енем ертеде қайтыс болып кеткен, күйеуімнің тек әпкесі бар. Қазір сол кісімен ғана араласып тұрамын. Ал балаларымның әкесінен хабар жоқ.

Естуімше бұрынғы құрбым оған қазір бір қыз тауып берген. Қыз-келіншектерге айтарым, құрбы-құрдас деген шын өмірде болмайды екен.

Болса осылай мектеп кезінен бірге өскен жан құрбы осындай әрекетке барушы ма еді? Семей кішкентай қала болған соң, әлгілерді көргім келмей, Астанаға көшіп келдім. Пәтер жалдап тұрамын, балаларымның кішісі ата-анамда, үлкені өзіммен бірге. Менің басымнан өткенді ешкімге тілемеспін. Кейде осылай сатып кеткен адамдардан құтылғаныма құдайға тәубе деймін. Менің де бақытты болатын күнім туар, тек сабыр мен төзім керек", - деп сөзін аяқтады келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780574-krbysy-jine-kvartirant-bolyp-baryp-kjeuin-tartyp-algan-jel-myn-sakty/

pixel