RU
Жұрттан жасырын түрде үйленіп алған жұлдызды жұптарды білесіз бе?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұрттан жасырын түрде үйленіп алған жұлдызды жұптарды білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі жұлдыздардың арасында өз некелерін жасырып, құпия түрде үйленіп алғандары баршылық. Ендеше, жасырын түрде отау құрған танымал тұлғалар туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: Коллаж NUR.KZ

Фото: Коллаж NUR.KZ

Cофи Лорен мен Карло Понти

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

1957 жылдың 17 қыркүйегінде атақты актриса Софи Лорен жасырын түрде продюсер Карло Понтимен шаңырақ көтерген. Өкінішке орай, католиктік Италия бұл дінді бірінші реттен қабылдамаған екен. Осылайша, жұбайлар 10 жылдан кейін қайта неке қиюға мәжбүр болыпты.

Блейк Лайвли мен Райан Рэйнольдс

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Блейк Лайвли мен Райан Рэйнольдс Оңтүстік Калифорниядағы Mount Pleasant қонақүйінде 2012 жылдың қыркүйек айында үйленген. Тойды ұйымдастырумен тәуелсіз агенттік айналысса да, актерлердің шаңырақ көтергені туралы тірі жан білмепті.

Скарлетт Йоханссон мен Райан Рейнольдс

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бәлкім, ешкімнің есінде қалмаған шығар. Алайда, Рэйнольдс Скарлетт Йохансонмен де құпия түрде үйленген. Дегенмен, олардың үш жылдан соң айырылысып кеткенінен барлық журналистер хабардар болды.

Бейонсе мен Джей Зи

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бұл жұптың үйленгенін журналистер бір айдан соң ғана білген. Белгілі болғаны, үйлену тойында Джей Зи Бейонсеге бес млн доллар тұратын 18 караттық гаухартас сыйға тартыпты.

Пенелопа Крус пен Хавьер Бардем

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Жұбайлардың тойы 2010 жылдың шілде айында Багамада өткен. Салтанатты кешке тек туыстар ғана шақырылыпты. Пенелопа екінші жүктілігін де жұрттан жасырған.

Том Харди мен Шарлотта Райли

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Шарлоттамен отау құрмас бұрын актер бір рет үйленген. Артынша ол азаматтық некеде тұрған, бір кездері, тіпті, өзінің бисексуал екенін мәлімдеген.

2009 жылы түсірілім барысында Шарлоттамен танысқан Том 2014 жылы жақындарының арасында ғана той жасап, шаңырақ көтереді. Бір жылдан соң жұбайлардың ұлы дүниеге келді.

Бенедикт Камбербэтч пен Софи Хантер

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бенедикт Камбербэтч пен Софи Хантер 2009 жылы танысып, 2015 жылы отау құрған. Олар жасырын түрде Ұлыбританиядағы Уайт аралында некелескен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel