RU
Жаңа заң қабылданған соң мұғалімдердің жалақысы қанша болуы тиіс?
Жаңалықтар Қоғам

Жаңа заң қабылданған соң мұғалімдердің жалақысы қанша болуы тиіс?

Рассказать Вконтакте

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын даярлау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері мұғалімдердің орташа жалақысы 300 мың теңгеден кем болмауы керектігін айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: Altaynews.kz

Көрнекі фото: Altaynews.kz

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде мұғалімдердің еңбекақысы орта есеппен 102 мың теңге.

Жаңа заң жобасына қатысты республиканың түкпір-түкпірінен педагогтар 40 мыңнан аса ұсыныс жолдаған.

Соның 75 пайызы жалақы мәселесін көтерген. Сондай-ақ, мұғалімдерді мектептен тыс жұмыстарға тарту да талқыға түсіп жатыр.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашеваның сөзінше, егер мұғалімді өзіне тән емес жұмысқа тартатын болса, онда лауазымды тұлғаға алдымен ескерту жасалады.

Екінші рет тартатын болса, онда әкімшілік айыппұл салынбақ. Оның мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш, ол 25 250 теңге.

Н. Біләл

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel