RU

Атырауда енесін Whatsapp арқылы балағаттаған азаматтың басы бәлеге қалды

Атырауда енесін whatsapp арқылы балағаттаған азамат заң алдында жауап берді. Сотта өз кінәсін толық мойындап, енесінен кешірім сұраған. Алайда жәбірленуші күйеу баласына кешірім бермеген деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Фото: riamo.ru
Фото: riamo.ru: Instagram

Іс материалдарына сүйенсек, осы жылдың қаңтарында ер адам whatsapp желісінде енесін әдепсіз сөздермен балағаттаған.

Әйел адам күйеу баласын заңға сәйкес жауапкершілікке тартуды сұрады.

Сот ер адамды 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780615-atyrauda-enesin-whatsapp-arkyly-balagattagan-azamatty-basy-blege-kaldy.html