RU

"Ол жақсы министр болды": Дәленов ҰЭМ экс-басшысы Сүлейменов туралы айтты

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҰЭМ бұрынғы басшысы Тимур Сүлейменовтің отставкадан кейін қайда кететіні туралы қойылған сұраққа жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Тимур Сүлейменов, Руслан Дәленов. Фото: today.kz, primeminister.kz
Тимур Сүлейменов, Руслан Дәленов. Фото: today.kz, primeminister.kz: Depositphotos
"Әлі белгісіз. Әрине, ол жұмыссыз қалмайды. Ол жақсы министр болды", - деп қысқа қайырды Дәленов.

Оған қоса, Дәленов тілшіге "жынымды келтірмеңізші" деп жауап қайырған, бүгінде өз қол астына көшкен вице-министр Серік Жұманғарин туралы пікірімен бөлісті.

"Ол кешірім сұрады, қазір уайымдап жүр. Менің ойымша, олай жауап беруге болмайды. Біз мұны тоқтатуымыз керек", - деді ол.

Айта кетелік, Ұлттық экономика министрі атанған Руслан Дәленов осыған дейін вице-министр қызметінде болды. Ал отставкаға дейін министрлікті Тимур Сүлейменов басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780631-ol-zaksy-ministr-boldy-dlenov-em-eks-bassysy-slejmenov-turaly-ajtty.html