Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиви Махмуди өзін өзбек фильмдеріне түсуге жиі шақыратынын айтып мақтанды

Опубликовано:

Cиви Махмуди өзін өзбек фильмдеріне түсуге жиі шақыратынын айтты. Әнші өзбек тілінде жақсы сөйлей алатынын да жасырмады деп жазады "Хит-ТВ" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сиви Махмуди. Фото: Хит-тв
Сиви Махмуди. Фото: Хит-тв: Instagram
"Әнші-актриса болғаннан кейін басқа елде де қызмет жасағымыз келеді. Соңғы барып келгенім - Өзбекстан. Киноға жиі шақырады. Мүмкін басқа елдерге шығуды ойлағаннан шығар. Мүмкін өзімді жақсы көрсете алған соң немесе өзбек тілінде сөйлей алғаннан кейін жиі шақырады", - дейді әнші.

Сондай-ақ Сиви Махмуди Өзбекстандағы той табысы біздің елмен салыстырғанда арзан екенін де мәлім етті.

"Той бизнесі жақсы. Бірақ бағасы қымбат емес. Бізге қарағанда гонорары арзандау. Есесіне жиі болып тұрады. Ол елге барып, жиі киноға түсіп тұрам", - деп ағынан жарылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Сиви Махмудидің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780632-sivi-mahmudi-zin-zbek-filmderine-tsuge-zii-sakyratynyn-ajtyp-maktandy/

pixel