Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев басқарған Ақтөбе облысына кім әкім болуы мүмкін?

Опубликовано:

Күні кеше Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Осылайша, Ақтөбе облысы әкімінің орны босап қалды. Осыған байланысты саясаттанушы Талғат Қалиев өз Telegram арнасында өңір әкімінің орнына кім келуі мүмкін екені жайлы болжамымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: icorumble.ru
Көрнекі фото: icorumble.ru: Facebook

"Министрлер кабинетінің айтарлықтай көп бөлігінің жаңаруы және бұрынғы құрамның жұмысын қатаң бағалау сөзсіз өзгеріс әкеледі. Олардың ендігі контурлары әлеуметтік бағдарлау, нақты нәтижелілік және өмір сапасына жұмыс істеу екені белгілі.

Жұмыстың парадигмасын сандық индикаторлардан сапалық өзгерістерге принципті түрде ауыстыру жаңа адамдардың сыни массасының пайда болуы жағдайында әбден мүмкін. Жаңа адамдар деп салаға басқа ведомстводан, басқа өңірлерден келіп, процесске басқаша көзқараспен қарайтындарды айтуға болады.

"Нұр Отан" партиясының съезді еріксіз түрде қызықты әрі күтілетін оқиғаға айналды. Өткен аптада бұл іс-шара жайында білмегендер болса да, осы аптада аталған жиыннан бейхабар адам қалмаған сыңайлы.

Съезд алдындағы күндер де қызықсыз болмайтыны анық. Мәселен, қазір Ақтөбе облысы әкімінің орны бос тұр. Бұл орынға осы облыстың тумасы, бүгінде Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген 50 жастағы Оңдасын Сейілұлы Оразалиннің кандидатурасын болжауға болады.

Осыған ұқсас жағдай Түркістан облысында да бар. Мұнда бәрінен бұрын күні кеше вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босаған Өмірзақ Шүкеевтің тағайындалуын күтіп отыруы мүмкін.

Өңірлік корпуста басқа да өзгерістер күтілуде. Одан бөлек, мемлекеттік хатшының орны бос екенін де ұмытпау керек. Ал бұрынғы премьер-министрді қайда ұсынуға болады? Бұл туралы келесі жазбада", - дейді Талғат Қалиев.

Еске сала кетейік, күні кеше үкіметтің жаңа құрамы бекітіліп, Ақтөбе облысын 2015 жылдан бері басқарған Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780649-saparbaev-baskargan-aktbe-oblysyna-kim-kim-boluy-mmkin/

pixel