RU

Әлемді билеген әйелдер (фото)

Ерлердің әйел қауымын тосын сыйлықпен қуантатын, ерекше әлпештейтін мейрам тарихы сонау Ежелгі Рим дәуірінен бастау алған.

Қазіргі БҰҰ шеңберінде әйел-аналар мен аруларға арналған бірнеше мереке бар: 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні, Ана күні (мамырдың екінші жексенбісі), Ауыл әйелдерінің күні (15 қазан) және Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні (25 қараша) мейрамдары бүкіл әлем бойынша аталып өтеді десе болады. Әрине, кейбір елдер өз ерекшелігіне қарай тойлайды. Мысалы, Өзбекстанда 8 Наурыз мерекесі – Ана күні деп аталса, Армения 7 сәуірде Ана және сұлулық мейрамы ретінде атап өтеді.Саясатта темір-ледилер баршылықӘлем елдерінде әйелдер жыл өткен сайын саясаттағы тұғырын нығайтып келеді. БҰҰ-ның Пар­ламентаралық ода­ғы­ның Бас хатшысы Андерс Джонсон кел­тірген дерек бойынша, қазіргі кезде әйелдер әлем елдерінде депутаттық орындардың 19 пайыздайын иеленеді. ОАР-да нәзік жандылар 30 пайызға жетсе, Аргентина­да парламенттегі орынның 30 пайызы әйелдерге тиесілі. Бангладеш 330 орындық парламенттің 30 мандатын сырғалымдарға бөліп берген. Сол сияқты Эритреяда 105 орынның он шақтысы, Танзанияда 225 орынның 15-і әйелдердің үле­сінде. 2010 жылы әлемдегі бітімгерлік күш­тердің құрамында әйелдердің үлесі 2 па­йыздан асыпты. БҰҰ-ның жоғары рангасы бар 192 дипломатынының 20-сы – әйел азаматтар. Еуропада әйел заты центристік немесе солшыл партиялардың қа­тарынан көбірек ұшырасады. Швед со­циал-демократиялық қоғамында әйел­дер рө­лінің артқаны соншалықты – пар­тия­лық тізімде ер мен әйелдер алма-кезек көш ба­с­тап отырады екен. Араб елдерінің парламенттерінде әйелдердің үлес салмағы шамамен 8,2 пайызды құрайды. Соңғы 8 жылда Джибути, Иордания, Ирак, Марокко және Тунис заң шығарушы органдарында әйел квотасын көтеру арқылы сырғалымдардың саны екі есе ұлғайғаны байқалады. Қара құрлықтан Руанданың аты озып тұр, бұл ел парламентінде 2003 жылы әйелдердің үлесі 48,8 пайызға жетіп, Швеция, Норвегия, Финляндия секілді гендерлік саясаттың көрігін қыздырған елдерді артта қалдырған болатын. Қазіргі АҚШ әкімшілігін әйелдер билеп отыр десе де болады. Алпауыт Құрама штаттардағы 2500 жо­ғары лауазым, яғни биліктің 40 пайызы сыр­ға­лым­дардың уысында екен. Алайда АҚШ-тың физика ғылымы профессорларының 3 пайызы ғана нәзік жандылар. Бизнес-ледилер әлі де азшылық Экономика саласында дамушы елдерді айтпағанда, тіпті дамыған мемлекеттердің өзін­де шешім қабылдаушы басқарушы құрамдағы сыр­ғалымдар өте аз. Финляндия, Норвегия, Дания, Эстония, Греция және Швеция­да компаниялардағы бас­қарушы звенодағы әйел­дер­дің квотасын 40 пайызға жеткізуге шешім қа­был­данды. Әйелдер БАҚ-та басым болмай тұр Журналистердің халықаралық федера­ция­­сының зерттеуіне сенсек, әйелдер жур­­на­­листердің үштен бірін құрағанымен, бас­шы­лық қызметтерде олардың үлесі 3-ақ па­йыз. Media Report to Women басылымының хабарлауынша, АҚШ-тағы таралымы мол фильмдердің атқарушы продюсер, режиссер, сценарист, оператор, редакторлардың 17 пайызы – әйелдер. Әрбір танымал 10 фильмнің тоғызын ерлер жасайтынын ескерсек, бұл салада әйелдердің орны олқы соғып тұрғанын байқаймыз. Әйелдердің сайлау құқығыКейбір елдерде әлі күнге дейін әйелдердің сайлау құқығы жоқ. Мәселен, Ливанда, БАӘ-де әйелдердің сайлау құқы шектеулі (алған білімін көрсетуі тиіс). Ерлер дауыс беруге міндетті болса, әйелдер қалауына қарай дауыс береді. Сауд Арабиясында, Ватиканда нәзік жандардың дауыс беруіне мүлде құқы жоқ. Ватиканда Па­паны сайлауға тек ерлер қатысады. Әйел­­дердің саяси белсенділігін қолдау, сайлау құқығын қорғау жұмысын БҰҰ Әйелдердің мүддесін дамыту қоры (ЮНИФЕМ) жүзеге асырып жүр.Әлем елдеріндегі әйел президенттер мен премьер-министрлерТарья Халонен – Финляндия Президенті (2000 жылдан бастап), Эллен Джонсон-Серлиф –Либерия Президенті (2005 жылдан бастап), Ангела Меркель – Германия канцлері (2005 жылдан бастап), Пратибха Патил – Үндістан Президенті (2007 жылдан бастап), Луиза Лейк-Тэк – Антигуа және Барбуда генерал-губернаторы (2007 жылдан бастап), Кристина Фернандес де Киршнер – Аргентина Президенті (2007 жылдан бастап), Даля Грибаускайте – Литва Президенті (2009 жылдан бастап), Роза Отунбаева – Қырғызстан Президенті (2010 жылдан бастап), Ивета Радичова – Словакия премьер-министрі (2010 жылдан бастап), Джулия Гиллард – Австралия премьер-министрі (2010 жылдан бастап), Дилма Вана Руссефф – Бразилия Президенті (2011 жылдан бастап).

 

                                             Тарья Халонен

                                       Эллен Джонсон-Серлиф

                                 Ангела Меркель

                                           Пратибха Патил

 Кристина Фернандес де Киршнер күйеу Нестор Киршнермен

                                    Даля Грибаускайте

                                    Роза Отунбаева

                                    Ивета Радичова

                                 Джулия Гиллард

                                       Дилма Вана Руссефф 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/178066-elemdi-bilegen-ejelder-foto.html