RU
Руслан Дәленов: Жуырда жәрдемақының мөлшері жария етіледі

Руслан Дәленов: Жуырда жәрдемақының мөлшері жария етіледі

Рассказать Вконтакте

Жаңа тағайындалған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жуырда жәрдемақының жаңа мөлшері жария етілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Руслан Дәленов. Фото: Хабар 24

Руслан Дәленов. Фото: Хабар 24

"Біздің мақсат - экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету. Сапа болса, бәрі жақсы болады. Халықтың қалтасы үнемі қалың болуы керек. Бұл үшін біз жұмыс істейміз", - дейді Дәленов үкімет кулуарында.

Министр көлеңкелі экономиканы төмендету үшін салық кодексіне өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, шенеунік тілшілердің көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы туралы сауалына да жауап бере кетті. Айтуынша, таяуда жәрдемақының мөлшері белгілі болады.

"Қазір есептеулер жүргізіліп жатыр. Арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді. Жуырда жәрдемақының мөлшері жария етіледі. Жәрдемақының қазіргі мөлшері жеткіліксіз деп ойлаймын", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
13
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel