RU

Шымкенттің жігітіне алданып, бақытын Көкшетаудан тапқан ару жан сырын ақтарды

Шымкент қаласында туып-өсіп, Астанада оқыған қыз оңтүстіктің жігітіне алданып, солтүстік өңірдің азаматымен бақытқа кенелгенін айтады. Өз өмірін ол "Алаш айнасы" сайтына баяндап берген.

Көрнекі фото: zen.yandex.ru
Көрнекі фото: zen.yandex.ru: Twitter

18 жасында Шымкенттің жігітімен көңіл қосып, төсектес болып қойған ару оның жанұясы мен бала-шағасы бар екенін кейіннен бір-ақ білген. Бұл жағдайдан соң өзін ешкімге керексіз сезініп жүрген ол Көкшетаудың жігітімен танысады.

Алғашында өзін такси ретінде таныстырған азамат министрлікте қызмет ететін болып шыққан. Ол бойжеткенге күніге гүл мен сыйлықтар әкеліп, ұнатқан киімдерін алып беріп жүріпті.

"Демалыс кездерінде Бурабайға, Алматыға, Каспийге баратынбыз. Ол маған көрмеген жерлерімді көрсетті. Туған күнімді ешқашан өткізбеген едім. Алғаш рет сонымен бірге керемет етіп атадық, бір жылдан астам жүрдік. Менің, оның ата анасы бәрін білді. Үйленеміз деп күнді белгіледік", -дейді ару.

Күндердің бір күні бойжеткен жігітіне өзі туралы шындықты айтуға бел буған.

"Жаз болатын, Бурабайға демалуға бардық. Сол күні мен оған шындықты айтпақшы болдым, ішім қан жылады. Алладан көмек сұрадым. Ол бөлмені романтикалық етіп дайындап қойған, ал менде көңіл-күй жоқ. Не болса да айтамын дедім де, бәрін айтып бердім. Ол болса жымиып: "Саған сенемін, мен сені кінәләмаймын" деді", -дейді бойжеткен.

Бүгінде бақытты күн кешіп жүрген келіншектің бір баласы бар. Оған жұбайы ұл туғаны үшін көлік те сыйлаған екен. Жас ананың енесімен де қарым-қатынасы жақсы көрінеді.

"Жұбайым орамал,тарт, таңертең ерте тұр деп ешқашан айтпаған. Енем- алтын адам. Бірге дүкен аралаймыз. Мен оны туған анамдай жақсы көремін. Тағамды жасасам, мақтап отырады. Түрімді, шашымды, мінезімді құрбылары келген сайын мақтайды. Мен де осындай ене боламын", - дейді ол.

Көкшетаудың келіні жігіті тастап кеткен сәтте суицидті де ойлағанын, Алла берген сабырлықтың көмегімен осы күнге жеткенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780691-symkentti-zigitine-aldanyp-bakytyn-kksetaudan-tapkan-aru-zan-syryn-aktardy.html