RU
Қазақ хандары: Кім және қашан билік етті?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қазақ хандары: Кім және қашан билік етті?

Рассказать Вконтакте

Қазақ тарихында асқан ерлігімен көзге түсіп, халық жадында өшпес із қалдырған хандар жетерлік. Олардың басым көпшілігі өзі билік еткен кезеңде түрлі тарихи оқиғалармен есте қалып, көптің қолдауына ие бола білді. Осыған орай, "Алаш айнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ қай ханның қай кезде ел басқарғанын біліп жүру мақсатында назарларыңызға арнайы топтаманы ұсынады.

Фото: Yvision

Фото: Yvision

1456-1473 жылдары – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.

1473-1480 жылдары – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы.

1480-1511 жылдары – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы.

1511-1518 жылдары – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы.

1518-1523 жылдары – Қасымның баласы Мамаш хан атанды.

1523-1532 жылдары – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды

1533-1534 жылдары – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан атағына ие болды.

1534-1535 жылдары – Қожа Мақмұт хан болды.

1535-1537 жылдары – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан

1538-1580 жылдары – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы.

1580-1582 жылдары – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа орнықты.

1582-1598 жылдары – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды.

1598-1628 жылдары – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі

1613-1627 жылдары – Тұрсын хан билігі.

1628-1652 жылдары – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы.

1680-1715 жылдары – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы.

1718-1726 жылдары – Батырдың билігі.

1726-1730 жылдары – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы.

1720-1740 жылдары – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды.

1718-1748 жылдары – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды.

1748-1786 жылдары – Нұралы Кіші жүзге хан болды.

1791-1794 жылдары – Ералы Кіші жүзге хан болды.

1795-1797 жылдары – Есім Кіші жүзге хан болды.

1797-1805 жылдары – Айшуақ Кіші жүзге хан болды.

1805-1824 жылдары – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды.

1716-1719 жылдары – Орта жүз ханы Қайып хан билігі.

1719-1734 жылдары – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі.

1734-1771 жылдары – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі.

1771-1781 жылдары – Орта жүз ханы Абылай билігі.

1781-1819 жылдары – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі.

1815-1817 жылдары – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі.

1841-1847 жылдары – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel