RU

Желіде Түймебаевты "шығарып салу" сәтінің видеосы тарап кетті

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың әріптестерімен "қоштасып жатқан" видеосы тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Видеоны саясаттанушы Ербол Еділов желідегі парақшасында жариялады.

Онда "Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы әкімі қызметінен кетті" деп жазылған.

Саясаттанушы өзінің Telegram-арнасында Түркістан облысы әкімі бұрынғы премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев болуы ықтимал екендігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780719-zelide-tjmebaevty-sygaryp-salu-stini-videosy-tarap-ketti.html