Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баланың аузына түкірту" ырымы жайлы не білеміз?

Опубликовано:

"Баланың аузына түкірту" ырымы қазақ халқында ежелден келе жатқан салттардың бірі болып табылады. Әдетте, сәбидің аузына түкіру мәртебесі аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, аузы дуалы билер мен ақсақалдарға берілген. Ырымның бұл тұсы өте маңызды. Себебі, кез келген ата-ана перзентінің жақсы адамға ұқсап өскенін қалайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz: Facebook

Көнеден бастау алған ырым күні бүгін де өз жалғасын тапқан. "Баланың аузына түкірту" рәсімі әлі орындалып келеді.

Аузына түкірту – байырғы контагиозды магиялық жосыннан туындаған қазақы ортада таралған рәсім. Беделді тұлғалардың жақсы қасиеттері жас балаға жұғысты болсын деген ырыммен жас баланың аузына түкірту жосынын жасайды.

Оның мәні – жасы үлкен, ел сыйлаған, атағы шыққан, мінезі жайсаң елге танымал ұлылардың жақсылығы жұқсын, сол адамға ұқсап беделді, танымал болсын дегені.

Аузына түкірту ырымын жасаған адам баланың ата-анасына ризалық білдіріп, батасын береді. Бұл рәсімді жасауды өтініш еткен жандар әлгі адамға кәде жасайды, сый-сияпат көрсетеді.

Сондай-ақ, атақты адамның қонған төсегіне нәрестені аунатып алу үрдісін аузына түкірту ғұрпының бір түрі деп айтуға болады.

Оның орындалуы тек ишара түрінде іске асады. Бар болғаны ауызға түкіру нышаны ғана жасалады.

Айта кетерлігі, соңғы кездері дәл осы ырым ел арасында қызу пікірталас туындаған. Кейбірі "ауызға түкірту" рәсімі ауру таратады десе, тағы бірі оның діни тұрғыда дұрыс емес екенін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780726-balany-auzyna-tkirtu-yrymy-zajly-ne-bilemiz/

pixel