RU
Маминнің басқаруымен жаңа министрлердің бірінші жиналысы қалай өтті?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Маминнің басқаруымен жаңа министрлердің бірінші жиналысы қалай өтті?

Рассказать Вконтакте

Үкіметтің Facebook желісіндегі ресми парақшасында премьер-министр Асқар Маминнің басшылығымен министрлердің бірінші жиналысының видеосы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: primeminister.kaz

Фото: primeminister.kaz

Үкіметтің жаңа құрамының бірінші жиналысы бүгін, 26 ақпанда өтті.

Министрлер отырысы бұрынғыдай сағат 10-да емес, 9-да басталып кетті.

Премьер-министр өзінің жаңа орынбасарлары мен 15 ведомство басшыларын таныстырды.

Осыдан кейін министрлер ант қабылдады.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптірін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін", - деді министрлер.

Әлеуметтік желі оқырмандары индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың қазақ тілінде еркін сөйлейтінін ерекше атап өтті.

Жиналыстан соң кейбір министрлер журналистердің сұрағына жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
0
7
2
0
1
1
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel