RU
"Өлем деп шығады": Күйеуі суицидпен қорқытатын әйел сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Өлем деп шығады": Күйеуі суицидпен қорқытатын әйел сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Күйеуі үнемі "өле саламын" деп қорқытатын келіншек басына түскен ауыр жағдайы туралы бар сырын ақтарды. Оның айтуынша, жолдасы бірдеңе бола қалса, өзіне қол жұмсайтынын айтатын көрінеді деп жазады "Алаш айнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: politeka.net

Фото: politeka.net

Отбасын құрғанына екі жыл болған ерлі-зайыптылардың бір жасар қызы бар. Отау құрғалы ісі оңға баспаған отағасы бүгінде жұмыстан шығып қалған.

Кредит пен қарызға белшеден батқан отбасын азаматтың келіншегі құтқарып қалыпты. Ол бар алтын әшекейлерін ломбардқа өткізіп, мәселені барынша шешуге тырысқан. Оған қоса, әйел адам ол кезде магистратурада ақылы бөлімде оқып жатқан көрінеді.

Орын алған қиын кезеңде жанұясының еңсесін көтеруге тиіс болған ер адам керісінше төзе алмай, өлем деп қорқытыпты

"Ол бұған төзе алмай, өлем деп шықты. Оны әрең дегенде Алматыдағы өз ата-анамның үйіне көшіп келуге көндірдім. Уақытша тұрамыз дедім. Қалаға келген соң жұмыс істей ме десем, істегісі жоқ. Өзінің мамандығы аспаз, бірақ істегісі келмейді, әр жұмыстың басын бір шалып жүр" , - деді келіншек.

Жалқаулыққа салынған күйеубаласын көрген ата-ана қызына ажырасып кетуге кеңес берген. Олар перзентіне "әзірге бір-ақ балаларың бар кезде ажырас, ертең бірдеңеге ұшырап қалса, әке-шешесі сені қарғайды" деп ақылын айтыпты.

Кезекті ұрыстан соң әйел адам шынымен уақыты келгенін түсініп, күйеуіне ажырасуға ұсыныс түсірген. Азамат оған келісімін бермейтінін айтып қана қоймай, "одан да өле саламын" деп жауап қайтарыпты.

"Көзімше екі рет суицид бола жаздаған, қатты қорқамын, қалай айтып, әрекет ететінімді білмеймін" , - деп көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады тығырыққа тірелген келіншек.

Ол бұл жағдайды енесіне айтып берген. Ол өз кезегінде, баласының кішкентай кезінен мұндайға жақын екенін жеткізіпті.

Азамат 8 сыныпта үйден қашып, қорада асылмақшы болған екен. Кейіннен оқу орнында да оқып жүргенде анасымен ұрысқанында сондай әрекетке жүгінгені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
3
3
3
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel