RU
Маңғыстау әкімдігі: Жаңаөзенге әскер кіргізілген жоқ
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау әкімдігі: Жаңаөзенге әскер кіргізілген жоқ

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының билігі Жаңаөзенге әскер енгізілгені жөніндегі қауесеттерге қатысты жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: mnews.kz

Фото: mnews.kz

"Маңғыстау облысының әкімдігі ресми түрде хабарлайды: желіде тарап кеткен Жаңаөзенге әскер енгізілгені жөніндегі қауесеттер шындыққа жанаспайды" , - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қаладағы жағдай қалыпты. Жаңаөзенде жұмыссыздарды тіркеу және бос жұмыс орындарды анықтау пункттері ашылған.

Бүгінде қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шарасы белсенді түрде жүріп жатыр.

"Жалған ақпарат таратудың неге әкеп соғатынын ескерулеріңізді сұраймыз" , - деп еске салды Маңғыстау әкімдігі.

Сіздің реакцияңыз
10
0
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel