Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде өзіне қол салған астаналық студенттің өліміне не себеп болды?

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте 25 ақпан күні Ломоносов атындағы МГУ-дың жатақханасында химия факультетінің 5 курс студенті Тамирлан Кирибаев қайтыс болғанын жеткізді. Алдын-ала болжам бойынша, өлім тұншығу салдарынан болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Темірлан Карибаев
Темірлан Карибаев: Instagram
"2019 жылғы 25 ақпанда М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында сағат 18.00-де аталған университеттің бесінші курс студенті 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Тамирлан Кирибаевтың мәйіті табылды. Өлімнің алдын ала себебі - тұншығу", - деді Смадияров.

Қазақстандық студенттің өліміне байланысты Мәскеу қаласының батыс әкімшілік округы тергеу басқармасының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімі тексеру жұмыстарын бастады.

26 ақпанда Қазақстанның елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарласып, осы істі бақылауға алуды және жан-жақты қолдау көрсетуді сұрады.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта Кирибаевтың туыстары елшіліктің консулдық бөлімінің қызметкерлерімен бірге Мәскеу қаласының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде жүр.

Оның алдында олар университеттің басшылығымен кездесіпті.

Сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін Кирибаевтың денесі туыстарына беріледі.

Еске сала кетсек, Мәскеуде оқитын қазақстандық студент жатақханада асылып өлгені туралы жариялаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780755-mskeude-zine-kol-salgan-astanalyk-studentti-limine-ne-sebep-boldy/

pixel