RU
"Ешкім көмекке келмеді": Астанада жас ана перзентханада өзі босанған
Жаңалықтар Қоғам

"Ешкім көмекке келмеді": Астанада жас ана перзентханада өзі босанған

Рассказать Вконтакте

Астаналық Улбосын Кежаева Facebook желісіндегі парақшалардың бірінде қаладағы №2 перинаталды орталықта дәрігерлердің көмегінсіз босанғанын мәлім етті. Ақ халаттылардың көмегіне зәру келіншекке ешкім қол ұшын бермегендіктен жас ана палатадағы баятареяның жанында босанып қалған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Олант

Көрнекі фото: Олант

31 жастағы келіншектің айтуынша, сол күні ол қаладағы №2 перинаталды орталығына жеткізілген.

Айы-күні жақындаған келіншек перзентханада дәрігерлердің көмегіне зәру болған. Алайда оларды қанша шақырғанымен, ешкім көмекке келмепті. Келіншек ақыры палатадағы батареяның жанында босанып қалған.

"Босанған сәтте жанымда ешкім болмады. Мен палатадағы батарея жанында тұрып босандым. Оларды тәуір-ақ шақырдым, алайда ешкім көмекке келмеді. Содан бала еденге туылып, мен кіндігін алып, есікке дейін өзім жеттім", - деп жазба қалдырған келіншек.

Әзірге перинаталдық орталық басшылығы аталған мәселеге қатысты тіс жармай отырған көрінеді. Олар тіпті сол күнгі бейнежазбаны да жасырып отыр екен.

Аталған мәселе бойынша агенттік тілшілері әкімдікке хабарласқанда, осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы белгілі болды.

"18 ақпан күні №2 перинаталды орталыққа 1988 жылғы әйел адам келген. Оның толғағы қысып, босану залына жөнелтілген. Онда оны бөлім меңгерушісі қараған, алайда ол біраз уақыттан кейін ота жасау залына кеткен. Келіншек аман-есен босанып, бойы 55 сантиметр, салмағы 3 355 грамм болатын ұл баланы дүниеге әкелген", - деп жауап берген әкімдіктегілер.
Сіздің реакцияңыз
2
11
4
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel