Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісікке шалдыққан бір жасар балақай көпшіліктің көмегіне мұқтаж (фото)

Опубликовано:

Бір жастан енді ғана асқан Ильдан Баталов өмірі үшін күресуде. Дүние есігін бар-жоғы бір жыл бұрын ғана ашқан бүлдіршіннің ата-анасы бүгінде шырылдап, көптің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Бас миының қатерлі ісігіне шалдыққан балақайдың емі қомақты қаражатты қажет етеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ильданның денсаулығын нашарлатқан қатерлі ісіктің түрі аса ауыр болып табылады.

Оған қоса, оны емдету де оңайға түспейді екен. Ата-анасының айтуынша, төрт химиотерапия да қажетті нәтиже бермеген.

Бүгінгі күні ісік бір сантиметрге ұлғайып үлгеріпті. Оның күннен-күнге өсе беруі Ильданды ауыр дерттен емдетуге аз уақыт қалып бара жатқанын білдіреді.

Балақайдың қатерлі ісіктен айығуы үшін қомақты қаржы қажет. Ерлі-зайыптылар мұндай ауқымды сомманы өздігінен жинай алмаған соң, барша жанашыр қазақстандықтардың көмегіне жүгінуде.

Ильданның еміне титтей де үлес қосамын деушілер мына есепшоттарға қаржылай көмек жібере алады:

Kaspi gold: 5169 4931 3478 0496

ЖСН: 8305 1930 0054

Камила (анасы) - 8 708 308 87 73

Ильдар (әкесі) - 8 701 431 33 39

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетерлігі, кішкентай Ильданның емі үшін ҚазҰУ студенттері арнайы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырған. Оның нәтижесінде, бар-жоғы екі сағат көлемінде 70 мың теңге жиналған. Бұл сомманы студенттер бірден Ильданның ата-анасының есепшотына аударған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780764-katerli-isikke-saldykkan-bir-zasar-balakaj-kpsilikti-kmegine-mktaz-foto/

pixel