RU
50 мыңға дейін: Димаштың Астанада өтетін кешіне кіру құны қанша?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

50 мыңға дейін: Димаштың Астанада өтетін кешіне кіру құны қанша?

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің 29 маусым күні Астана қаласында өтетін билеттері жақында сатылымға шықпан. Қазақстандық әншінің кешіне арналған билеттердің құны 500 теңгеден басталып, 50 мың теңгеге дейін барады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы “Қазақстан” телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қарин Астанада өткен баспасөз конференциясы мәлім етті.

Оның айтуынша, билеттер алдағы аптада сатылымға шығады.

Димаштың тыңдармандары 500 теңге мен 50 мың теңге аралығындағы билеттерге қол жеткізе алады.

"Біз билеттердің бағасын қолжетімді етуге тырыстық. Концерттің ауқымдылығын ескерсек, 50 теңге де айтарлықтай қымбат баға емес. Әдетте мұндай кештерге арналған билеттің құны 300 доллардан асып кетеді", - деді Ерлан Қарин.

Ерлан Қариннің сөзінше, концерттің билетіне интернет желісінде де қол жеткізе алады.

Ал желі қолданушылары билеттің сатылымға шыққанын асыға күтіп отырғанын жеткізді.

"Билеттерді жіберіп алмау керек", "Жетпей қалмаса болар еді", "Димаш, сізді Астанада күтеміз", "Сенің дауысыңды өз құлағыммен естігім келеді".

"Мен "Бастау" атты концертіңізде болғанмын. Өте керемет өтті", "Сол кезде 3 сағат бойы тоқтаусыз ән орындаған едіңіз", "Жап-жас болсаң да осындай жетістікке жеттің. Сен бақыттысың" деп жазды әншінің фанаттары.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel