Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда мектеп директоры өз кабинетін оқушыларға босатып берді

Опубликовано:

Орал қаласындағы орта білім беретін №8 мектептің директоры өз кабинеті мен мектеп кітапханасын оқу кабинеттеріне айналдырады. Бұл туралы Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Мой город
Фото: Мой город: Facebook

Орал қаласындағы орта білім беретін №8 мектептің директоры Анаргүл Қаржауованың айтуынша, жалпы ата-аналар жиналысында бастауыш сынып оқушыларын №4 оқу орнына ауыстырмау туралы шешім қабылдапты.

"Бастауыш сыныпта 318 бала білім алады. Оқу кабинеттерінің жетіспесе де жалпы ата-аналар жиналысында барлық балалар біздің мектепте білім алуды жалғастыра беретін болып шешілді. Осыған байланысты директор кабинеті мен мектеп кітапханасы оқу сыныбына айналады. Оқу залы мәжіліс залына көшеді. Білім беру ата-аналардың келісімімен алты күнге ауысты. Қазіргі уақытта ғимараттың апатты бөлігі жабық тұр",- деді директор.

Еске сала кетсек, 19 ақпан күні тәуелсіз сарапшылар комиссиясының шешімімен бастауыш сынып оқушылары білім алатын ғимарат "апатты жағдайда" деп танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780771-oralda-mektep-direktory-z-kabinetin-okusylarga-bosatyp-berdi/

pixel