RU
Томирис Байсафаның ісі: Тергеушілер үшінші рет ауысты

Томирис Байсафаның ісі: Тергеушілер үшінші рет ауысты

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында былтыр қаза тапқан Томирис Байсафаның ісі не себепті созылып кеткенін түсіндірді. Оның мәлімдеуінше, тергеуші үшінші рет ауысып жатқандықтан, ол құжаттарды басынан бастап тексеріп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna

Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna

"Бұл іс біздің елшіліктің жіті бақылауында тұр. Біз осымен бірнеше мәрте тергеу органдары мен Ресейдің сыртқы істер министрлігіне жүгінгенбіз. Біздің елші ресейлік СІМ басшылығымен жеке кездескен.
Осымен үшінші рет тергеуші ауысты. Ол құжаттарды басынан бастап қайта қарап жатқандықтан, іс созылып кетті. Томиристің Қазақстандағы туыстары мен достарынан жауап алынды" , - деді ол.

Смадияровтың айтуынша, Ресейдің құқық қорғау органдары еліміздің ІІМ-мен тығыз байланыста.

«Ресейлік құқық қорғау органдары істің анық-қанығына көз жеткізу үшін барын салуда. Алайда, әзірге ештеңе айта алмаймыз" , - деді Смадияров.

Айта кетейік, 3 мамыр күні Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент қыз қайтыс болған еді. Томирис Байсафаның өліміне қатытсы қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel