Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі литр қан аққан": Алматы облысында жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматы облысында 22 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ал жігіттің туыстары сақшылардың сылбыр қимылына наразы. Іле ауданы Чапаев ауылында тұратын Уакил 22 ақпан күні кешке үйінен "20 минуттан соң келем" деп шығып кетіпті. Арада бір күн өткенде жігіттің ата-анасы ұлдарының жұлынған шашы мен қан іздерін, телефонының құлаққабын тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

fffff
Уакил Мамедов. Фото: жеке отбасылық мұрағат: Twitter

Төрт күннен бері ұйқы мен күлкіден айырылған Мамедовтердің үйі қазір қаумалаған адамға толы. Тағаты таусылған туыстары Уакилдің тірі екеніне сенгілері келеді.

Олар бұрын-соңды жоғалып кету, кешігу сынды қылығын көрсетпеген ұлдарына қастандық жасалды деп жорамалдайды.

"Телефоны түнімен сөндірулі болды. Таңертең шығып маңайды қарадым. Сол кезде аққан қанды көрдім. Аққан қан балалар алаңынан бастап, жертөлеге дейін жеткен.

Жертөле ішіндегі мына қан кемі екі литр болар. Ұлымның жұлынған шашын да таныдым. Музыка тыңдайтын құлаққабы да жертөледе жатты", - деді Уакилдің әкесі Али Мамедов.

"Екі литр қан аққан": Алматы облысында жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Фото: жеке мұрағат: Instagram

Тағаты таусылған туыстары полицейлердің сылбырт қимылына наразы. Олардың айтуынша, қанды, шашты көрген полицейлер уақыт кетірмей, әрі қарай аранйы итпен іздемеген.

Ал бақсы, құмалақшылардың бәрі "балаларың қатты жарақаттанған, біреулердің қолында отыр, тез таппасаңдар айырылып қаласыңдар", - депті.

Туыстары соңғы рет ұлдарымен кездескен Уакилдің таныстарынан күдіктеніп отыр.

Ал Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев қылмыстық істің қозғалғанын, оқиға облыстық полиция департаменті басшысының бақылауында екені туралы қысқа ғана ақпарат айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780790-eki-litr-kan-akkan-almaty-oblysynda-zas-zigit-zmbak-zagdajda-zogalyp-ketti/

pixel