Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең жас сымбатты депутат Асылхан Төлепов қайтадан актер болмақшы (фото)

Опубликовано:

Алматы қаласындағы аудандардың біріне депутат болып сайланған Асылхан Төлепов бұрынғы қызметіне оралғанын мәлімдеді. Отандық танымал актер Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жаңалығымен Асылханның өзі Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Ол Ғабит Мүсірепов театрына жақында директор болып тағайындалған танымал актер Азамат Сатыбалдымен түскен суретін жариялап, мәлімдеме жасаған.

"Бүгін Ғ. Мүсірепов театрына актер болып ресми түрде қабылдандым (қайта оралдым) Ұжымға тек сәттілік тілеймін! Жеңісті күндер көп болғай! ", - деп жазды Төлепов.

Желі қолданушылары болса актерді жарыса құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, пікір білдірушілер арасында одан "депутаттықпен қош айтыстың ба" деп сұрағандар да табылды. Әзірге бұл сұрақтың жауабы белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780792-e-zas-symbatty-deputat-asylhan-tlepov-kajtadan-akter-bolmaksy-foto/

pixel