RU

Алматылық полицейлер толғағы қысқан әйелді бес минутта перзентханаға жеткізді

Алматыда полиция толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізіп, нәтижесінде 27 жастағы келіншек ұл баланы аман-есен дүниеге әкелген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: patrul.kz
Көрнекі фото: patrul.kz: Depositphotos

Белгілі болғандай жас келіншектің толғағы үйінде басталған. Жұбайы жедел жәрдем шақырмай, әйелін перзентханаға өзі жеткізбек болады. Алайда, олар Ащыбұлақ ауылынан шыға берісте кептелісте тұрып қалған.

Момышұлы мен Ақын Сара қиылысында қобалжыған жүргізушіге осы кезде "Буран-002" экипажы келген. Отағасы полициядан келіншегін ауруханаға дейін жеткізіп беруін сұрайды.

Ал полиция сержанты Ғалымжан Постанов пен Әміржан Есенбаев ойланбастан көлігінің дабылын қосып, "Хонда" жүргізушісіне артынан еріп отыруын айтқан. Сөйтіп ерлі-зайыптыны 5 минутта №3 перзентхананың алдына жеткізеді.

Осылайша полицейлердің шұғыл қимылдауының арқасында ұл бала дүниеге келеді.

Қазір анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы екен.

Ал әке атанған азамат келесі күні тәртіп сақшыларын іздеп тауып келіп, алғысын білдірген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780801-almatylyk-policejler-tolgagy-kyskan-jeldi-bes-minutta-perzenthanaga-zetkizdi.html