Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жылдан кейін Тәжікстаннан табылған арудың адам сенгісіз тағдыры елді жылатты

Опубликовано:

Күні кеше Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 19 жыл бұрын ізім-ғайым жоғалған қазақстандық қыздың Тәжікстан астанасы Душанбеден табылып, отбасымен қауышқанын хбарлаған еді. Осы орайда Sputnik Қазақстан қазақ қызының қалайша із-түзсіз жоғалып кеткенін баяндады.

Кадр Астана арнасынан алынды
Кадр Астана арнасынан алынды: Depositphotos

Басылымның жазуынша, 1984 жылы дүниеге келген Әсел Дүйсенбаева 2000 жылы 7 cәуірде сүйіктісі - тәжікстандық жігітпен Саратов-Душанбе бағытындағы пойызға отырып, Атыраудан Тәжікстанға кетіп қалады. Сол уақытта қолында туу туралы куәлігі ғана болған, кейін оны да жоғалтып алыпты.

Ал Душанбе қаласының вокзалына келгеннен кейін тәжік жігіті Әселді алдап, тастап кетеді.

Вокзалда жүргенде бойжеткен жергілікті бір әйелмен танысып, соның үйінде 10 жыл тұрған екен.

2011 жылы басқа бір тәжікстандық ер адаммен азаматтық некеге тұрып, 2013 жылы ажырасып кетеді, екеуінің балалары болмаған. Ал осы уақытқа дейін Душанбедегі дәмханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген.

Биыл қаңтарда Әсел Душанбе қаласына келген Қазақстан азаматымен танысып, оған өз суретін және жеке деректерін береді. Ол WhatsApp желісі арқылы Әсел туралы ақпаратты таратып, нәтижесінде әйелдің анасы Мұстақима Дүйсенбаева қызын танып, Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігіне өтініш жолдайды.

Әсел туралы естіген атыраулық депутат та үнсіз қалмай, еліміздің Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтан қазақстандық қызды табуға көмектесуді сұрайды.

Атамқұлов Қазақстанның Душанбедегі елшісіне телефон соғып, Әселді іздеуге тапсырма береді.

Елшілік әйелді табу үшін Тәжікстанның құзырлы органдарына сауал жіберген.

Осыдан кейін қазақстандық дипломаттар мен Тәжікстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-іздестіру басқармасы үйсіз-күйсіздерді қабылдайтын орындарды аралап, сондай-ақ тіркеуде тұрған немесе құжатсыз жүрген адамдар арасында іздеу жұмыстарын жүргізеді. Бұдан бөлек, елдегі түрлі дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтарды тексереді алайды іздеу ешқандай нәтиже бермейді.

Себебі фотосы мен есімі ғана белгілі бойжеткенді бірнеше жүз мың xалқы бар Душанбеден іздеп табу оңай емес еді.

Күтпеген кездесу

19 ақпан Әсел үшін өмірінде мәңгі естерқаларлықтай ғажайып күн болды. Бұған себеп сол күні Қазақстан елшілігінің консулы Асылхан Бекбосыновқа Душанбе қаласының полиция қызметкері телефон соғып, Әселге ұқсайтын әйелді көргенін хабарлайды. Бекбосынов сол жерге дереу барса, ол әйел Әсел емес басқа адам болып шығады.

Жоғалған отандасын табамыз деген үміті үзілген Асылхан Бекбосынов жұмысқа қайтып бара жатқанда, жол шетінде Әселге ұқсайтын әйелді байқап қалады.

Дереу тоқтап, қасына барып, "Сіздің есіміңіз Әсел емес пе?" деп сұрайды. Әсел бұл сұрақты қазақша түсінбей, оған тәжікше сөйле бастайды. Консул сұрағын орысша қайталағаннан кейін ғана, "ия, есімім Әсел" деп жауап берді.

Бекбосынов келіншекке туыстары іздеп жүргенін айтып, анасының видеосын көрсеткенде, Әселдің көңілі босап, жарты сағат бойы көз жасын тоқтата алмайды.

Отандасының табылғанына қуанған дипломаттар Әсел Дүйсенбаеваның елге орлауына қолдан келген көмегін аямаған.

Әселдің елге қайтауға ешқандай құжаты болмағандықтан консул Атырау қалалық АХАЖ бөлімінен туу туралы актілік жазбаның көшірмесін шұғыл түрде сұратады. Сол көшірменің негізінде Қазақстанға қайтып оралуға арналған куәлік рәсімделді.

Елшілік қызметкерлерінің көрсеткен қаржылай көмегімен 22 ақпанда Душанбе-Алматы-Атырау бағыты бойынша отанына аттанған Әсел Атырау қаласына аман-есен жетіп, анасы және туыстарымен 19 жылдан соң қайта қауышты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780803-19-zyldan-kejin-tzikstannan-tabylgan-arudy-adam-sengisiz-tagdyry-eldi-zylatty/

pixel